Өзбекстан президенті 2 тамыздағы селекторлық жиналыста ел прокурорларын сынады. Шавкат Мирзияев прокурорларды "ұрылардың ұрысы" деп атап, оларды "ескі жүйеден қалған қоқысқа" теңеді.
«Мені кешірерсіздер, бірақ мен прокурорларды жақтыра бермеймін. Оны ашық айта алам», – деді Мирзияев.
Президент прокуратура қызметкерлерін Каримов кезеңінен қалған "қоқысқа" теңеп, прокуратура органы қызметкерлерін "бәрібір" ауыстыратынын айтты:
«Біз жаңадан бас прокурор тағайындадық, органды бұрынғы қоқыстан тазарттық, қызметкерлердің 80 пайызын ауыстырамыз», – сказал Мирзияев.
Дереккөз: centralasian.org