06.01.2015, 05:47

Ақтөбеде жол апатынан төрт адам қаза тапты

Сурет, oskemen.info

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты, деп  хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оқиға Ақтөбе мен Астрахань тас жолының он тоғызыншы шақырымында болған. «Опель» мен «Тойота» көліктері соғысып қалады. Сонымен қатар тағы алты адам түрлі жарақат алып, облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілген. Араларында бір жарым жастағы сәби де бар. Дәрігерлер оның хәлі ауыр екенін айтады. 

«Қазір оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары.