Алматы және Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты автокөлік жолдарында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазавтожол» РКМ-ға сілтеме жасап.
6 қаңтарда сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолынының 105-123 шақырымында (Шемонаиха – РФ шекарасы) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
«Сонымен қатар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты 2015 жылдың 4 қаңтары күнгі сағат 14.15-тен бастап «Үшарал – Достық» автожолының 83-184 шақырымындағы (Көктума ст. – Достық ст.) бөлігі жабық тұр», – деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК.