Жүргізуші ажалдан зорға аман қалды, деп хабарлайды YK-avto.kz.
Бүгін таңертең Өскеменде Аблакетка ауданында гаражда тұрған автобус жанып кетті. Жүргізуші көліктің ішінде болған, ол улы газға тұншығып қала жаздады.
Құтқарушылардың айтуынша, Scania маркалы жолаушылар көлігі ЖШС-лардың бірінің гаражында тұрған. Бокстан қою түтін шыға бастаған кезде куәгерлер өрт сөндірушілерді шақырған.
«Өрт кезінде салонда 58 жастағы жүргізуші болған», – деп нақтылады Өскемен ТЖБ. – Иіс тиген ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді, жарты сағаттай уақыттың ішінде тілсіз жау ауыздықталды. Көліктің салоны түгелдей жанып кетті».
Тергеушілер өрттің тұтануына қауіптілігі жоғары агрегатты абайламай пайдалану себеп болған деп болжайды.