06.01.2015, 08:40

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысының жолдары жабылды

Сурет, altaynews.kz

Боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазақавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, аталған облыс аумағында қоғамдық көлік түрлері үшін жол жабылды. Боран басылғаннан кейін ғана олардың қозғалысы жанданады.

Сонымен қатар, бүгін «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Ал еліміздің өзге жолдары қазіргі кезде ашық және көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.