Алматы күнін атап өту аясында Азияның әлемге танымал өнер жұлдыздары Медеуге келіп концерт өткізеді. Star of Asia (Азия жұлдыздары) деп аталатын осынау мегажоба тамыздың 19-20 күндеріне жоспарланған.
Бұл күндері алматылықтарды қала күнімен құттықтауға Қазақстанның, Түркияның, Оңтүстік Кореяның, Әзірбайжанның, Жапонияның, Өзбекстан мен Үндістанның ең танымал әншілері келеді. Олардың қатарында корейлердің «U-KISS» K-pop тобы, үнді жұлдызы Sanah Moidutty, түрік әншісі Murat Boz бар. Сондай-ақ, отандық эстраданың ең танымал өкілдері: МузАРТ, Қайрат Нұртас, Айқын, Әли Оқаповтар да бұл күні алматылықтар үшін ән шырқайды.
Билеттер Kassir.kz, Chocolife.me, Ticketon.kz сайттарында, Республика сарайы мен MEGA ойын-сауда орталығында сатылуда.