№ 191 көшесі бойынша асфалть-бетонды жабындыны қайта орнату бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Алаш тас жолынан Өндіріс тас жолына дейін 14 тамыз күні сағат 08.00-ден 19 тамыз сағат 06.00-ге дейін көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады.
Астана-Қарағанды тас жолы бойынша ("Нұр" құрылыс базарының аумағы) жолдың беткі жабдығын қайта қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 15 тамыз сағат 08.00-ден 21 тамыз сағат 20.00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша сызбанұсқа бойынша іске асырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.