Жаңалықтар 06.01.2015 сағат 12:20

Көкшетау қаласының жаңа әкім тағайындалды

Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және қалалық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ермек Боранбайұлы 1969 жылы туған, үш жоғары білімі бар, 1994 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2001 жылы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы Көкшетау университетін қаржы баклавры мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласының №29 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бокс бапкері болып бастады. 1993 жылғы қаңтардан бастап 1994 жылғы қараша аралығында Щучье ауданы Бурабай кентінің №7 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1994 жылғы қараша мен 1995 жылғы маусым аралығында Щучье қаласы «Шонай» шағын кәсіпорынының директоры қызметінде болды. 1995 жылғы маусымнан бастап «Береке-Бурабай» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

2008 жылғы тамыздан бастап Аршалы ауданының әкімі лауазымын, 2012 жылғы сәуірден бастап 2013 жылғы қыркүйек аралығында Зеренді ауданының әкімі лауазымын атқарды. Кейін 2014 жылғы маусымға дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Соңғы қызмет орны 2014 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің Мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен наградталған.

Қала активіне жаңа әкімді таныстыра келіп, өңір басшысы Сергей Кулагин облыс орталығындағы алдыңғы кезекте шешуді қажет ететін міндеттерге қысқаша тоқталып өтті.

Еске сала кетсек, қаланың бұрынғы әкімі Жомарт Нұрғалиев бар болғаны 5 айға жуық қызмет істеп, өткен жылдың 30 қазанында жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Содан бері Көкшетау қаласы әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Амангелді Смайылов атқарып келді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар