08.01.2015, 03:10

Астанада және Ақмола облысында көктайғақ болып, тұман түседі

Сурет, obozrevatel.com

Астанада және Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РКМ-ның хабарлауынша, 8 қаңтар күні Астанада жел тұрып, көктайғақ болады. Артынша тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 метрге дейін көтеріледі.

Ақмола облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетеді. Көктайғақ болып, тұман түседі.