$ 498.34  519.72  4.85

Полиция көліктеріне артқы терезелерін де тұмшалауға тыйым салынды

Еліміздегі полицейлердің арнайы көліктерінің тек алдыңғы емес, артқы терезелерін де тұмшалауға тыйым салынды деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Ішкі істер министрлігінің жаңа тәртібін  бұзған сақшылар шетінен тәртіптік жазаға тартылмақ.

Яғни, полицейлер мінген мынадай көк түспен боялған көліктердің барлық әйнегі ашық болуы тиіс. Астаналық сақшылар жаңа тәртіпке жылдам көшіп үлгеріпті. Темір тұлпарларының терезесіндегі қара пердені түгел шешіп тастаған. Ішкі істер министрлігі осы арқылы тәртіп сақшылары арасындағы парақорлықты жоймақ. Енді полицейлер ереже бұзған жүргізушіні көліктің артқы орындығына отырғызып, жасырын сөйлесе алмайды деген сөз. Айта кету керек, елімізде қарапайым көлік жүргізушілеріне де терезесін тұмшалап жүруге тыйым салынған.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

- Жол потрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінің артқы және жанындағы әйнектерін қараңғылауға тыйым салынды. Бұл шаралар полицияның азаматтарға қолжетімділігін, қызметінің айқындығын қамтамасыз етуге бағыттылған. Арнайы түстермен айшықталған және жарық, дыбыс сигналдарымен жабдықталған автокөліктерге осындай талап қойылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары