18.08.2017, 03:27

Барселонада болған терактіден 13 адам қаза тапты

Барселонада кеше кешке лаңкестік акт орын алып, салдарынан 13 адам қаза тапты. Содырлар микроавтобуспен адамдар көп жиналған жерге келіп, оларды қасақана басып-жаншыған. 100-ден аса адам дарақат алды.

Зардап шеккендер қатарында 18 елдің азаматтары бар. Олар: Франция, Германия, Нидерланды, Аргентина, Венесуэла, Бельгия, Австралия, Венгрия, Перу, Румыния, Ирландия, Греция, Куба, Македония, Китая, Италия және Алжир азаматтары. Әзірге қазақстандықтардың бұл тізімде бар-жоғы белгісіз. ҚР СІМ Барселонада жүрген қазақстандықтарға барынша сақ болу керектігін айтып кеңес берді.

Айта кетейік, террорлық актіні "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

La Vanguardia басылымының мәліметінше, полиция лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен алдымен бір адамды өлтіріп, екеуін тірідей ұстаса, арада біраз уақыт өткеннен кейін Барселонаның оңтүстігіндегі Камбрильс қаласында тағы 4 содырдың көзін жойыпты.