Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерін ЕАЭО қатысушы мемлекеттерде жұмыс күшінің қозғалысын реттейтін заңнамалық нормалармен және еңбеккер-мигранттарға берілетін кепілдіктерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz.
– Еңбеккер мен оның отбасы мүшелерін зейнетақымен қамтамасыз ету олардың өздері тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасына, сондай-ақ, ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы жекеленген халықаралық келісімшарттарға сай реттелетін болады. Өткен жылдың 12 қарашасындағы Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің шешімімен «Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісім-шарт жобасының тұжырамдамасы» мақұлданып, аталған құжат жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, – деді вице-министр.
Айта кетсек, мамандар ұсынған мәліметтерге көз жүрітсек, өткен жылы шетелдерден жұмыс күшін тартуға квота көлемі республиканың экономикалық белсенді тұрғынына шаққанда 0,7% (63 мың адам) көлемінде белгіленген көрінеді.