$ 498.55  524.28  4.75

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Еліміздің аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. 

Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел соғады. 

Алматы облысында кей жерлерде желдің күші 17-22 м/с-ті құрайды, түнде тұман түседі деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 

Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ті құрайды, боран соғады. 

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтілуде, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с-ті құрайды. 

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, екпіні 25-28 м/с-ке жетеді, боран соғады. 

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін барады. 

Қостанай облысында бұрқасын болады деп болжануда, тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с-ті құрайды. 

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары