Бүгін таңертең Павлодарда араларды ұясымен тасымалдаған «КамАЗ» көлігі аударылды, деп жазады Қазақпарат. Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
«Бүгін таңертең «КамАЗ»-дың тіркемесі ажыратылып, аударылған. Ол «Мерседес» көлігін жанап өткен. Салдарынан неміс көлігін тізгіндеген азаматты ара шаққан. Аралардың шабуылына сондай-ақ бірнеше жүргізуші тап болды. Толық әрі нақты ақпарат арнайы топтың жұмысы аяқталған соң белгілі болады», - деді ІІБ баспасөз қызметіндегілер.