2014 жылдың 30 желтоқсаны мен 2015 жылдың 6 қаңтары аралығында негізгі халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгермеген деп,хабарлайды Skifnews.kz «Қазагромаркетинг» АҚ-на сілтеме жасап.
«Қазагромаркетинг» АҚ мамандарының хабарлауынша, қарастырылып отырған кезең аралығында еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгермеген.
Алайда, мамандар карастырылып отырған кезең ішінде көкөніс және т.б. өнімдердің бағасы өзгергендігін анықтаған.
Қызанақ Қызылордада (+13%), Қарағандыда (+12%), Астанада (+11%), Оралда (+11%) қымбаттады.
Бағалардың өсімі өнім мөлшерінің азаюымен және сатушылармен көтерме бағалардың Қызылордада 14%-ға 350-ден 400 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 13%-ға 350-ден 395 теңге/кг-ға дейін, Астанада 7%-ға 600-ден 640 теңге/кг-ға дейін, Оралда 11%-ға 335-тен 373 теңге/кг-ға дейін қымбаттауымен байланысты.
Жеткізілім мөлшерінің азаюы және көтерме бағалардың артуы салдарынан Қарағандыда қияр бағасы 12%-ға 399-дан 446 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 11%-ға 573-тен 636 теңге/кг-ға дейін қымбаттауына әкелді.
Ал Шымкентте қиярлар 14%-ға арзандады. Сатушылармен көтерме бағаларды 4%-ға 280-нен 270 теңге/кг-ға дейін төмендетуі және нарыққа өнімнің жеткізілімі мөлшерінің артуы себептері өнімнің арзандауына әкелді.
Астанада бір апта ішінде жүзім бағасы 92%-ға және Оралда 19%-ға қымбаттады. Себеп – нарықтың қымбат импортты өніммен қанығуы. Көтерме бағалар бір апта ішінде Астанада 64%-ға 468-ден 768 теңге/кг-ға дейін, Оралда 19%-ға 457-ден 543 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Қарағандыда өнім жеткізілім мөлшерінің азаюы және көтерме бағалардың 7%-ға 450-ден 480 теңге/кг-ға дейін қымбаттауы салдарынан тәтті бұрыш бағасы 14%-ға қымбаттады.
Бакалея өнімдерінің арасында Астанада бірінші сұрып бидай ұны 15%-ға 119-дан 101 теңге/кг-ға дейін төмендеді. Себеп – орташа көтерме бағаларының 9%-ға 82-ден 75 теңге/кг-ға дейін төмендеуі.
Оралда қара бидай-бидай наны 13%-ға 100-ден 113 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Бағалардың өсу себебі – тауар өндірушілердің сатылатын (көтерме) бағаны 9%-ға 96-дан 105 теңге/кг-ға дейін жоғарлатуы.
Алматыда алма бағасы 12%-ға және алмұрт 14%-ға төмендеді. Бұл сатушылардың көтерме бағаны алмаға 3%-ға, алмұртқа 4%-ға төмендеткені және нарықтың өнімге қанығуымен байланысты.