Қоғамдық тәртіпті бұзған мас қарағандылық шақыртумен келген учаскелік инспекторға қарсылық танытып, тістеп алды, деп хабарлайды Skifnews Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«5 қаңтарда Қарағанды қаласы ІІБ полициясы орталық бөліміне жедел басқару орталығынан шақырту түседі. Полицей қызметкері шақырту орнына жеткенде, пәтерде 47 жастағы үй иесі болған. Ер адам мас болған, ол бірден полиция қызметкеріне қарсы ұмтылып, оның қолын тістеп алған», делінген хабарламада.
Тәртіп бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.