Астанада 39 жастағы әйел мен 1 жасар баласы көпқабатты үйдің 12-қабатынан құлап кетті деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
"Әйел мен сәбидің биіктен құлап кетуіне байланысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Әйел 1976 жылғы, баласы 2016 жылы туған. Олар алдын ала болжам бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің 12-қабатынан құлаған", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Әйел оқиға орнынқа қайтыс болды. Сәбиі түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына түсті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.