$ 448.15  483.46  4.86

Қазақтар мен үндістердің төбелесінен кейін екі қылмыстық іс қозғалған - прокуратура

2 қыркүйек күні Астанада қазақтар мен үндістер арасында орын алған төбелестен кейін екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлімдеді.

"Қазіргі таңда екі қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Біріншісі - тұрмыстық сипаттағы жанжал бойынша, екіншісі - жалған ақпарат тарату дерегі бойынша", - деді Жақып Асанов журналистердің сұрағына жауап беру барысында.

Ол сондай-ақ, төбелес шығарған үндістерді елден шығарып жіберу мәселесіне қатысты да пікірін айтты.

"Мұны сот шешеді. Алдымен тергеп, істі сотқа өткізейік, содан кейін белгілі болады", - деді ол.

Еске салайық, "Абу-Даби Плаза" кешенін салып жаьқан үндістер мен қазақ күщетшілерінің арасындағы төбелес 2 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында орын алған болатын. Полицейлер алдымен 41 адамды ұстап, кейін 8-ін қамауда қалдырды. Арада бір тәулік өткеннен кейін тағы 6 адамды босатқандарын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары