$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда балалар үйінің түлегі өзін өртеп жіберді

Алматыда балалар үйінің бұрынғы түлегі өзін өзі өртеп жіберіп, көз жұмды. Жас жігіт "жастар үйінде" тұрған деп жазады Nur.kz.

Бұл туралы балалар үйінің бұрынғы түлегі Серік Кенжебеков хабарлаған. Жігіттің айтуынша, қайғылы оқиға өткен дүйсенбі күні болған. Сондай-ақ оның мәліметінше, марқұм болған жігіттің жүйкесі сыр берген.

Оның сөзінше, қаза болған жігіттің жасы-28-де. Жас жігіттің қаза болғанын Алматы қаласының ІІД-де растады.

"Аталған факт істің бірыңғай реестріне тіркелді. Әуезов аудандық ІІБ-нің тергеу бөлімі аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп, нәтижесінде өлімге не себеп болғанын анықтайтын болады. Алдын-ала мәлімет бойынша, жас жігіт психикалық ауытқушылыққа шалдыққандардың тізімінде тұрған", - деп атап өтті ІІД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары