$ 447.4  477.55  4.76

Тәжік лаңкесінің ағасы: «Сирияға кеткенше түрмеде отырғаны дұрыс» (ВИДЕО)

"Сирияға соғысқа кеткенше, түрмеде отырсын", - деді Мехтер қышлағының тұрғыны Шомурод Кавраков Хатлон облыстық сотының үкімі шыққан соң. Оның бауыры Батирхон Кавраковты 12,5 жылға сотталды деп жазады centralasian.org.

Батирхон Кавраковтың "Экстремистік ұйым қызметін ұйымдастыру", "Қылмысты жасыру немесе бүркемелеу" және "Жалдану" қылмыстары толық дәлелденді деп хабарлады судья.

Кавраков биыл қаңтарда ұсталған. Оны жергілікті билікке ағасы ұстап берген. Шохмурод Кавраков прокуратура тергеушілеріне Батирхонның Ресейде "Ислам мемлекеті" тобының идеясын насихаттаумен ғана емес, қандастарын Сирия мен Иракқа соғысқа үгіттеумен де айналысады деген.

Батирхон Сирияға кетерден бұрын туыстарын бір көруге келгенде ұсталғанын растады.

Хатлон облыстық соты судьясының сөзіне қарағанда, Батирхон Кавраков ИМ қатарына үгіттеуді екі жыл бұрын Мәскеуде құрылыста жұмыс істеп жүргенде бастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары