Мексиканың Трес-Пикос қаласынан 119 шақырым қашықтықта Тынық Мұхитының түбінде жойқын жер сілкінісі тіркелді деп жазады РИА Новости. Дүмпудің магнитудасы 8 балды құрайды.
Сейсмологтар Латын Америкасындағы Тынық мұхиты жаңалауында орналасқан елдерді цунами болу қаупі бар екенін ескертіп отыр.
"Жер сілкінісінің жойқын болуын ескерсек, цунамидың пайда болу қаупі жоғары", - делінген Тынық мұхиты орталығының сейсмологтары таратқан хабарламада. Олардың айтуынша, Мексика, Гватемала, Сальвадор, Коста-Рика, Никарагуа, Панама, Гонддурас және Эквадор жағалауларына қауіп төніп тұр.