Еліміздің басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Қазгидромет» РКМ-ның хабарлауынша, республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады.
Қостанай облысында бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, бұрқасын болады.
Павлодар облысында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең 15-20 м/с жел соғады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады, бұрқасындатады.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді, түнде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Астанада сынап бағанасы -3...-5°C көрсетеді, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, көшпелі бұлт шығады деп күтілуде. Түнде және таңертең тұман түседі.
Алматыда ауа температурасы 8-10 градус жылы болады. Көшпелі бұлт шығады.