13.09.2017, 11:57

Түркістанда ұры мешітті тонап жатқан кезде қолға түсті

Түркістанда мешіт тонауды кәсіп еткен ер азамат кезекті қылмысының үстінде қолға түсті. Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов өзінің Facebook-парақшасында жазған.

Прокурордың айтуынша, күдікті ер азаматтың жасы 30-да. Оның бұған дейін де бірнеше мешітке ұрлыққа түскені анықталып отыр. Тіпті, бірнеше жыл бұрын Түлкібас ауданындағы құлшылық үйінен ақша ұрлап сотталған екен.

Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексі аясында іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.