14.09.2017, 04:45

Өзбектер Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек жолдамақшы

Өзбекстан үкіметі Мьянмадағы босқын-рохинджаларға гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады деп жазады centralasian.org.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі халқының Мьянмадағы жағдайды өте ауыр қабылдағанын, әсіресе азшылық мұсылмандарды азаптау фактілері үрей туғызды деп хабарлайды.

«БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі декларациясы мен Жарлығындағы ұстанымдарды негізге алып, Өзбекстан адамзатқа қарсы кез-келген азаптауды айыптайды», – делінген Өзбекстанның СІМ таратқан мәлімдемесінде.

Өзбекстан Мьянма билігін кінәсіз мұсылмандарға қарсы азаптауды шұғыл түрде тоқтатып, мәселені бейбіт түрде шешуге шақырады.