$ 480.55  533.75  5.36

Ресейдегі тәжік гастарбайтерлері Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек жолдады (ВИДЕО)

Ресейдегі мигранттардың "Тәжік қоры" қайырымдылық ұйымы Мьянмадан Бангладешке қашқан 700 рохинджа мұсылманға азық-түлік және қаржылай көмек бергенін хабарлады. Бұл туралы centralasian.org порталы жазған.

Ұйым басшысы Парвиз Иброхимов 24 қыркүйекте қордың YouTube'тегі арнасында Бангладештегі рохинджа мұсылмандары лагерінде түсірілген видео жариялады. Ол мұнда тағы 700 отбасыға көмек бергісі келетінін айтқан. Бұл көмекті тәжік мигранттары көрсетіп отыр. Жиналған қаражаттың нақты көлемі айтылмады.

"Бүгін біз жоспарымыздың жарымын орындадық. Ертең тағы 700 отбасыға көмек береміз. Азық-түлік алуға келе алмағандарға біз ақшалай көмек бердік", - деді ол.

БҰҰ мәліметі бойынша, соңғы айда шамамен 400 мың этникалық рохинджа өкілдері Мьянмадан Бангладешке қашқан.

Бүлікшілердің полиция блокпостына шабуылдан соң Мьянма билігі Ракхайн штатында әскери операция бастаған. Қақтығыстар салдарынан 400-ден астам адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары