12.02.2015, 10:14

Есектің де есіркеушісі табылды

30 қаңтар күні ҚХР Чандунь провинциясының 12 кезекті Халық құрылтайының 4 мәжілісінде «есек деген бұл хайуанның тұқымы қытайда құруға айналды. Мен есектің қой, сиыр, жылқы секілді адамзат мейіріміне бөленуін, саяси жақтан да басқа шөп қоректі хайуандар секілді қолдап-қуаттауға ие болуын ұсыныс етемін» деген талабын ортаға қойды Чандунь провинциясы Ажияу компаниясының бас директоры Чин Юпин. «Есек болмаса Ажияу секілді мемлекет дәрежелі бейматериалдық мұраны жалғастыру қиын болар еді, оның үстіне қытайда есектің тұқымы құрып барады. Сондықтан Қытай үкіметі есек шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алуы керек» дейді news.china.com сайтындағы сұхбатында Чин Юпин. Айтуларға қарағанда, осы ұсыныс-жобасын іске асыру үшін    Ажияу компаниясының бас директоры Қытайдың біраз жеріндегі есек бағатын орындарды ат сабылтып, аралап шыққан көрінеді.

Дайындаған Кәмел ШӘРІП