Жаңалықтар 11.10.2017 сағат 03:34

Түркіменстан президенті өз өзіне "батыр" деген атақ берді

Енді Гурбангулы Бердімұхамедовке құны 100 мың доллар тұратын қоладан мүсін құйылуы тиіс. Түркімен парламенті бір ауыздан елдегі ең жоғары марапатты басшыларына тағайындауды ұйғарған деп жазады ktk.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Негізі "Түркменстан батыры" атағын елге еңбегі сіңген адамдарға президент қана бере алады. Ал президенттің өзіне заң шығарушы органның рұқсаты керек. Бұл жолы депутаттардың сыйлығы Арқадаққа қатты ұнаса керек, спортшылар алдында арқаланып тұрып сөйлеп, алғысын айтты. Түркменстан батыры" атағын Бердімұхамедов 2011-ші жылы да алған. Атақпен бірге қосымша куәлік пен 25 мың доллар көлеміндегі сыйақы берілген еді ол кезде. Енді "екі дүркін батырға" қаланың орталығына қоладан мүсіні қою заңмен міндеттелген. Айта кетсек, Бердімұхамедов батыр атағының саны жағынан Түркменстанның алғашқы президентінен әлдеқайда артта қалып қойған. Сапармұрат Ниязов бұл награданы кезінде 6 рет алып еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар