$ 498.34  519.72  4.85

Рахат Әлиев өзіне-өзі қол жұмсады

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы, Австрияда қамауда отырған Рахат Әлиев өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды azattyq.org мен tengrinews.kz сайты шетелдік ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап.

Оның өлі денесі камерада асылып қалған күйі табылған. Адвокаты Әлиевтің суицидке барғанына күмән келтірген. 2007 жылы мемлекеттік қызметтен қуылған, Еуропа елдерінде тұрып жатқан Әлиевті Қазақстан соты бірнеше адамның өліміне қатысты айыпты деп танып, сырттай ұзақ мерзімге соттаған. Әлиев өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұсталып, ҚР Бас прокуратура оны тұтқындауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлаған.

 Skifnews.kz ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары