$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысында ірі жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Талдықорған түбінде болған жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жол апаты 28 қазанға қараған түні болған. Қарабұлақ-Көксу жолында Volkswagen Passat пен "КамАЗ" соқтығысады. Жол апатынан Volkswagen Passat жүргізушісі мен көліктің ішінде отырған екі жолаушы қаза болды, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. 

Алматы облысының ішкі істер департаменті жол апаты бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, жеңіл автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігіне соғылған. Жол апаты бойынша тиісті сараптамалар белгіленді, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары