$ 446.49  475.38  4.79

Қарағандыда 3 жасар қыз "Белизна" деп аталатын хлор ерітіндісін ішіп қойған

Қарағандыда үш жасар қыз бала ойын орталығында үстелдің үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойған деп жазады Sputnik Қазақстан порталы. 

Оқиға қаладағы орталық әмбебап дүкендегі ойын орталығында орын алған. Ойнап жүрген үш жасар қыз үстел үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойған. Сәбидің ата-анасының айтуынша, "Белизнаны" ойын орталығының қызметкерлері балалардың үстелінде қалдырып кеткен. 

"Бала бір стақан сұйықтықты ішкен де, қатты айғайлап жіберген. Оны бірден балалар ауруханасына жеткіздік. Қызымыздың тамағы мен тілі күйіп қалған", — деді Sputnik Қазақстанға баланың әкесі. 

Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр. Ата-анасы орталықтың үстінен полицияға шағым түсірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары