01.11.2017, 03:16

Өзбекстан азаматы Нью-Йоркте теракт жасады, қаза тапқандар бар

Нью-Йорктің (АҚШ) Манхэттен ауданында жүк көлігі велосипед жолағында жүрген ондаған адамды қағып кеткен. Жергілікті полиция кем дегенде оннан аса адамның мерт болғанын, тағы он адамның жарақат алғанын хабарлады. Алты адам оқиға орнында көз жұмған.

Шабуыл жасаған адам көлігімен жол жиегінде тұрған оқушылар автобусына соғылған. Полиция оны ұстағандарын хабарлады. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио оқиғаны "теракт" деп бағалап отыр.

Ұсталған адамның Өзбекстан азаматы 29 жастағы Сайфулло Саипов екені де белгілі болды. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, оның көлігінен ДАИШ-ке қатысы барын растайтын хат табылған.

Куәгерлер қарулы адамды көргендерін, атыс дауысын естігендерін айтқан. ФБР оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.