06.11.2017, 03:18

АҚШ-та шіркеуде атыс болып, 27 адам қаза тапты

Техас штатының Сазерленд-Спрингс қаласындағы баптистер шіркеуінде атыс болып, салдарынан кемі 20 адам қаза тапты. Сондай-ақ, тағы 30-лан астам адам жараланған деп жазады АBC телеарнасы.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша 27 адам көз жұмып, 24-і жарақат алыпты. Құқық қорғаушылар атыс шығарған адамның сол жерде көзін жойған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Жапонияда іс-сапарда жүріп, қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты және жағдайды өзі бақылайтынын жеткізді.

"Жаратушы Техастағы Сазерленд-Спрингс халқымен бірге болсын. ФБР мен құқық қорғаушылар оқиға орнында жұмыс істеуде. Мен Жапонияда жүріп жағдайды бақылауыма алдым", - деп жазды Трамп өзінің Twitter-парақшасында.