$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жаяу жүргінші қағып кетіп, оған көмектеспек болған жүргізушінің өзін көлік қағып өлтірді

"Нива" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жүргізушісі оған көмектеспек болғанда, жол талғамайтын көліктің астына өзі түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, тиісті емес жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші "Нива" көлігінің алдына шыға келген. Тоқтап үлгермеген жүргізуші кісіні қағып кетіпті.

Қаққан бойда, жаяу жүргіншіге көмектесу үшін, жүргізуші көліктен атып шығады. Сол кезде жолда келе жатқан Land Rover Freelander Нива жүргізушісін қағып өлтірген. 

"Нива" көлігінің астына түскен жаяу жүргінші, әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары