$ 498.34  519.72  4.85

Тәжікстанда еркінен тыс күйеуге берілген бойжеткен жоғарғы қабаттан секіріп қайтыс болды

Тәжік ұлттық университеті биология факультетінің екінші курс студенті Зокирамох Холбоева төртінші қабаттың терезесінен секіріп өлді деп жазады Азаттық тілшілері.

Биофак қызметкері Сайвали Караевтың айтуынша, 11 қарашада түнде студент қыз туысының үйінің терезесінен секіріп кеткен.

"Мұндай болады деп ешкім күтпеген. Ол сабағын жақсы оқитын, шығармашылық топтардан қалмайтын", - деді Караев.

Курстастары Зокирамохтың қайғылы өлімі туралы "Махзар" байқауына дайындыққа шақырғылары келген уақытта білген. Қыз студенттік үйірмеде билейтін. Студенттердің бірі қызды еркінен тыс күйеуге бергісі келгені туралы айтты.

Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдіруге дайын емес. Зокирамохты 11 қарашада жерледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары