$ 449.58  486.94  4.86

Оралда газ жарылып, жүкті әйел ауыр жарақат алды

Оралдағы тұрғын үйде газ жарылысы тіркелді. Апат салдарынан жүкті әйел ауыр жараланған және оның қазіргі халі мүшкіл дейді дәрігерлер. Бұл туралы «ҚазАқпарат» порталы жазды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, денесін 85 пайыз күйік шалған, бойында жеті айлық сәбиі бар әйел бұрынғысынша облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр болғандықтан, оны санавиациямен тасымалдауға келмейді. Алматы не Астанадан арнайы маман келмекші.

«Басқа зардап шеккен адамдар амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді», деді Н. Беркінғалиұлы.

Айта кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шеккен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары