28.11.2017, 05:39

Әйелі күйеуінің ойнас қылғанын Instagram арқылы біліп қойды

Әйелі өз үйінің жатын бөлмесінен түсірілген сурет арқылы күйеуінің ойнас жасағынын біліп қойды, деп жазады Блокнот порталы.

Әлеуметтік желі адамдарды таныстырып, табыстырып қана қоймайды, өтірігіңді ортаға да шығарады. Ол үшін жәй ғана бір сурет жеткілікті.

Санкт-Петербор қаласының тұрғыны күйеуінің көзіне шөп салғанын instagram желісі арқылы біліп қойған. Ол бейтаныс әйелдің Instagram-парақшасынан «Үлкен қала шамдары» деп жазып, жатын бөлменің терезесінен түсірілген таныс бейнені аңғарады. Кейін дәл сол суретті әйелі де «Күйеуімнің жатын бөлмесінің терезесіндегі әдемі қала» деп жазып, өз парақшасына жүктегені есіне түскен.

Болған жағдайдан соң жас отбасы ажырасуға құжат тапсырыпты. Ал, жігіт болса, кінәсін мойындап, үнсіз қалған.