Сайрам АІІБ кезекші бөліміне жол-патрульдік полиция экипажынан жол ережесін бұзған жүргізушінің тәртіпке бағынбағаны туралы ақпарат түскен.
«Жергілікті полиция қызметкерлері Қарамұрт ауылында шамамен күндізгі сағат 1 кезінде ҚР Жол жүру ережесін бұзған «Мерседес» автокөлігін тоқтатқан. Алайда, көлік жүргізушісі полиция қызметкерінің заңды талабын орындамай, қашып кетуге тырысқан. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны ұстады. Күдіктінің үшеуі де Сайрам ауданының тұрғындары екені анықталды. Оның екі сыбайласы полиция қызметкеріне қарсылық білдірді», – дейді Сайрам АІІБ баспасөз қызметі. Іс ҚР ҚК 380 «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» бабымен тіркелді. Күдіктілер қамауға алынып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Сайрам АІІБ билік өкiлiне қатысты күш қолдану бойынша 5 жайт тіркелген.