Динара Қырықбаева екінші сәбиін дүниеге әкелді. Сүйінші хабарды әнші өзінің instagramm на жазды.
Әнші бүгін таңғы сағат 6.43-те ұл босанғанын айтқан.
“Айшулиннің інісі, қош келдің жаным. Екі баланың анасымын”, – деп бөлісті Динара инста-парақшасында.
Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы. Сәбидің салмағы 3 келі 900 грамм, бойы 53 сантиметр боп туған.
Желі оқырмандары Динараны жарыса құттықтап жатыр.
Еске сала кетейік, Динараның 2 жасар Айша есімді қызы бар.