05.12.2017, 10:29

Қарағандылықтар енді көше атауының тағдырын шеше алады

Бүгін Қарағандыда көше атауларын өзгерту туралы қоғамдық кеңес өтті, деп жазады жергілікті nv.kz порталы.

Кәсіподақ үйінде өткен қоғамдық талқылауда тұрғындарға 18 көшенің атын өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Жиында кез келген қарағандылық өз пікірін ашық білдіре алатыны сөз болды.

Сонымен 5 желтоқсан күні Қарағанды ​​қаласының тұрғындары келесі көшелердің атауын өзгертуге мүмкіндік алды: 3-я Кочегарка, Насыпная, Отвальная, Паровозная, Пахотная, Революционная, Батарейная, Болотная, Грейдерная, Коминтерна, Мануфактурная, Пионерская, Рабкоровская, Совхозная, Социалистическая, Торпедная, Портовская, Пикетная.