$ 498.34  519.72  4.85

Жезқазғандықтар ауызсудан ауру тапты

Екі айдан бері тұрғындар тиісті мекемелерге мәселені жеткізген, алайда проблема әлі шешімін таппады, деп жазады ratel.kz.

Жезқазған қаласы, 92 шағынаудан тұрғындары қазан айынан бері тот басқан су ішіп отыр. Краннан аққан  судан сасық иіс шығып қолқаны да жарады екен. Амал жоқ, 150-ге жуық аудан халқы суды пайдаланып отыр.

«Міне қараңыз, мына судан сасық иіс мүңкіп тұр. Біз тәжірибе жасайтын көжекке айналдық. Қараңыздар қандай су кететінін. Мен бүгін осы судан уланып қалдым. Мынау масқара ғой енді», – дейді қала тұрғыны Бибалима Самуратова.

Екі айдан бері тұрғындар тиісті мекемелерге мәселені жеткізген. Алайда одан су тазара қоймапты. Есесіне тұрғындар арасында тері ауруына шалдыққандар бар.

«Менің қолым жарылып, жара шықты. Басқа да адамдар тері ауруына шалдығып жатыр. Бұл сөзімді растайтындар бар. Мұның екі себебі бар: салған құбырлары санитарлық талапқа сай емес немесе ескі құбырларды қоя салған», – дейді тағы бір қала тұрғыны Жансап ҚАСЕНОВ.

Жергілікті билік өкілдері де бұл жағдайдан хабардар. Қыстың арқаға ерте келуінен осындай проблемаға тап болғандарын айтады.

«Судың сары болуы құбырлардың жуылмауынан. Құбырдың ішіне ыста кетіп қалған. Бізде үш жылу жүйесі бар. Оның барлығы 15-не дейін істелетін шаруа еді. Күн суытып кеткесін, алтыншы қазанда жылу беріп жібердік. Сондықтан жуылмаған құбырлардан осындай тот басқан су ағып тұр», – дейді Жезқазған қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы  бөлімінің басшысы Қуаншыбек Сансызбаев.

Қыстың күні қара суды қамсыз іше алмадық деген жезқазғандықтар бұндай жауапсыздық жазасыз қалмаса екен дейді. Ал жергілікті басшылық бір аптаның ішінде мәселені шешетіндіктерін айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары