07.12.2017, 03:40

Тағы бір қазақстандық азамат ғарышқа ұшады

Қазақстан Байқоңырда ғарыш кешенін салып жатыр. Бұл туралы «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов мәлімдеді, деп жазады Диапазон.

Жоба Ресеймен бірлесіп құрылған. Зымыран тасымалдағыш тек «керосин-оттегімен» ұшады.

«Ресей қазір ғарыш кемесін құрастырып жатыр. Экипаж құрамында Қазақстан азаматы болады. Бізде мұндай қадамға баратын мамандар көп», – дейді Айымбетов.