15.12.2017, 03:27

Ахметжан Есімов Қазақстанның Еңбек Ері атанды

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді деп жазады Ақорда.

"Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін: Есімов Ахметжан Смағұлұлы – "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы", – делінген қаулыда. 

 Сонымен қатар, бұл атақ "Тенгизшевройл" ЖШС менеджері Руслан Қуатовқа және "Жақсылық" ШҚ басшысы Жақсылық Үшкемпіровке берілді.