«Иомиури симбун» газетінің мәлімдеуінше, 2015 жылы тамыз айының аяғында Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абе Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан) елдерін аралау үшін турнеге шыққалы жатыр.
Бұл – Жапония басшысының 2006 жылдан кейінгі екінші сапары (2006 жылы премьер-министір Дзюньитиро Коидзуми келген) болмақ. Ресми сапардың басты мақсаты – пайдалы қазбаларға бай Орта Азия елдерімен экономикалық байланыстарын нығайту, сонымен қатар, терроризм мен наркотрафик мәселелерін қарастыру. Келу сапарының нәтижесінде аталған мемлекеттердің инфраструктуралық жобаларына көмектесу туралы бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Skifnews ақпарат