$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда BMW автокөлігі темір қоршауға соғысып, жүргізушісі қайтыс болды

Алматыда Қарасу көпірінің жоғары жағындағы Солтүстік айналма жолда ірі жол апаты болды деп жазады sputniknews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бесінші сериялы BMW оңтүстікті бағытта қатты жылдамдықпен келген. Әзірге белгісіз себеппен жүргізуші рөлді игере алмай, жиекке соғылып, металл қоршаудың шамамен алты секциясын құлатқан. Қоршау көлікті тесіп өтіп, жүргізушінің қолын жұлып кеткен. Ол алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды.

Мәйітті көліктен құтқарушылар шығарды. Жол полициясы мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары