25.12.2017, 11:06

Астанада шырша өртенді (ВИДЕО)

Астанадағы Орталық саябақта үлкен шырша өртенді деп мәлімдеді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Бүгін таңертең сағат 6:19-да 101 өрт сөндіру қызметіне Тұран даңғылыңдағы шыршаның өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен. Жедел қызметтегілер мен өрт сөндірушілердің арқасында тілсіз жау 20 минутта өшірілді. 

Сондай-ақ, өртті сөндіруге екі техника мен Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 10 адам жұмылдырылған. 

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Тегтер: видео