"Қазгидромет" РМК ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Жаңа жылда ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз болады.
"Қазақстанның барлық облысында бұл күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыста ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 20 градус, солтүстікте 20-25, кейбір аудандарда 28 градус, шығыс аймақтарда 20-25, кей жерлерде 30 градус, ал оңтүстік аймақтарда 5-10, кейбір аудандарда 15-20 градус аяз болады", — деді Қалменова.
Қазгидромет өкілі барлық өңірде таңертең және түнде тұман түсетінін айтты.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан