$ 498.34  519.72  4.85

Мәскеуде болған жантүршігерлік апатқа қатысты жаңа дерек шықты (ВИДЕО)

Ресейдің тергеу комитеті автобус қақтығысының себеп-салдарын анықтауды өз қолына алды. Күллі елді дүрліктірген, төрт адамның өмірін жалмаған апатқа не түрткі болғанын енді білікті криминалист-тергеушілер май шаммен қарауға кіріседі деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Мәскеуде жолаушы толы автобус жерасты жолына басып кіріп, 4 адамды таптап, тағы 11 адам зардап шекті. Қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, автобус басқаруына бағынбай, істен шыққан. Салдарынан жүргізушінің басына қан құйылып, ауруханада жатқандықтан қазір оны құзырлы органдар тергей алмай отыр.

Бір белгілісі, медициналық сараптама оның сол сәтте алкоголь ішпегенін көрсеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео