27.12.2017, 06:51

Қазақстанның таулы аймақтарында таулы көшкін жүруі мүмкін

Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін деп мәлімдеді РМК «Қазгидромет».

«Қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында) және Алматы облысының таулы аудандарында 27-28 желтоқсан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Абай болыңыздар»,- делінген хабарламада.