Eurosport кезекті материалын қазақстандық қызға арнады, бұл жолғы кейіпкер – жүзуші Екатерина Руденко деп жазады Vesti.kz.
Белгілі порталдағы мақала "Қазақстандық жүзуші қыздың 14 суреті, оны кездестіру үшін бассейнге құтқарушы болып жұмысқа тұрасың" деген атаумен жарияланды. Сонымен қатар, Eurosport оны "жүзу патшайымы" деп атады. "Екатерина Руденко – Қазақстан құрамасы сапында үш Олимпиадағы қатысты. Қыз арқасымен жүзеді, Астанада тұрады. Сонда жаттығады және кейде Азия ойындарынан жүлделі қайтады. Сонымен бірге, оның әлеуметтік желісіне төрт мың адам жазылған, сен де солардың қатарында болу керексің", – делінген ескертпеде. Айта кетейік, Руденко 2017 жылғы Қазақстанның ең тартымды спортшысы атауына үміткер.