Шымкенттегі Қошқар ата өзенінен кішкентай шақалақтың мәйіті табылды деп хабарлады TVK телеарнасының тілшілері. Қыз баланың өлі денесін өзенді қоқыстан тазартып жүрген жұмысшылап тауып алған.
ЛТД "Тұрмыс" коммуналды мекемесінің қызметкерлері 27 желтоқсан күні санат 14:30 шамасында өзеннің қоқысын сүзуге арналған темір торларды тазалау барысында кішкентай нәрестенің өлі денесін тапқан және дереу полицияға хабар берген.
"Біз өзеннің Республика даңғылымен өтетін жағындағы темір торды тазалап жатқанбыз. Шамамен 5 айлық қыз баланың мәйітін тауып алдық. Мен бригадирге хабар бердім, ол полицияны шақырды", - дейді оқиғаның куәгері.
Мәйітті тексерген мамандар оның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілерін тапқан жоқ. Соған қарағанда, оны суға әдейі тастап жіберген болуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.